Магистральдық желі дирекциясында табиғатты қорғау акциясы жүріп жатыр

Әлеумет
13.08.2021, 10:19
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Магистральдық желі дирекциясында «Батарейканы тапсыр да, кірпіні сақтап қал» акциясы өтуде. Акция әрбір адамның экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған орта қауіпсіздігіне өз үлесін қосуын көздейді. «Жобаның идеясы – ҚР Экологиялық заңнамасын басшылыққа ала отырып, Магистральдық желі дирекциясының барлық кәсіпорындарында батарейкалар- ды жою бойынша жүйені құру. Сондай-ақ, Дирекция қызметкерлері арасында қауіпті қалдықтар қатарына жататын батарейкаларға жеңіл-желпі қараудың теріс әсерлері туралы, оларды сауатты жою қажеттілігі туралы ақпаратты кеңінен тарату», – дейді Дирекцияның Өнер- кәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Қуанышбек Қосымов. Магистральдық желі дирекциясының құрамына 125-тен астам кәсіпорын кіреді, және оларда батарейкаларды бір жерде жинау үшін контейнерлер орнатуға, сосын оларды әрі қарай жою бойынша жұмыстар жүргізіліпті. Департамент өкілі, батарейкаларда адам үшін аса қауіпті литий, никель, қорғасын, кадмий, сынап сияқты металдардың көп мөлшері бар екенін айтады. Мәселен, никель дерматитке әкелсе, кадмий адамның өкпесі мен бүйрегін зақымдайды екен, ал уытты сынап буы ми мен жүйке жүйесіне әсер етеді. Жалпы, ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бір батарейканың өзі екі ағаш өсетін, 1 кірпі, екі көртышқан, бірнеше мың жауын құрты өмір сүретін кеңістікті уландыруы мүмкін. Ал қоқыс орындарынан аққан ластанған сумен және ауамен бірге зиянды заттардың үйлерімізге де еніп жататыны кәміл. Бір қарағанда, бұл проблема үлкен болып көрініп, біздің қолымыздан ештеңе келмейтін сияқты әсер етуі мүмкін. Алайда, үлкен проблемалар кішкентай түйткілдерден бастау алады. Ал кішкентай проблеманы жою кім-кімнің болсын қолынан келеді дейді мамандар. Батарейканы кез келген жерге емес, тиісті контейнерлерге тастау арқылы қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі бар.

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік