Ғасыр жасаған ғимарат

Станция тынысы
29.06.2023, 14:56
Суретті түсірген автор

Арыс қаласында іргетасы 1900 жылы қаланған ғимарат мызғымай берік тұр. Бүгінде қалалық музей орналасқан ғимарат Орынбор – Ташкент темір жолы тартылған тұста салынып, Арыс станциясы бастығының қонысы болыпты.

Кейіннен ғимаратта Андреев атындағы жеті жылдық мектеп, №21 теміржол мектебі, 1954 жылдан бастап жұмысшы жастардың кешкі мектебі, жол-техникалық мектеп, музыка мектептері жұмыс істеп, 2001 жылдан бастап «Арыс қаласының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қарамағына берілген.

Музей – өткен дәуірдің мәдени және рухани, құнды мұраларын келер ұрпаққа, көпшілікке таныстырып, насихаттау қызметін атқаратын, өткенді бүгінмен, бүгінді болашақпен жалғастырушы тарихи орын десек, теміржолшылар қаласындағы жәдігерлер орны бұл миссиясын абыроймен атқарып отырғанына талас жоқ.   Музейде көне Арыс тарихы, қазақ даласына тартылған теміржолдың қалыптасу кезеңдері, теміржол саласына еңбегі сіңген тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Арыс станциясы, этнография, көрме залдары бар. Жоспарға сәйкес мұражайда экспозициялық жұмыстар, әдістемелік жұмыстар, іс-шаралар, көрмелер, дәрістер, саяхаттар ұйымдастырылады.  

Музей директоры Сарбасова Айгүл Әбдірайымқызының айтуынша, музей айына 800-900 адам, жылына 10 000 жуық адамға қызмет көрсетеді. «Арыс тарихын сөз еткенде теміржол алдымен айтылады. Себебі, жергілікті халық 120 жылдан бері теміржолмен біте қайнасқан, мұнда негізгі кәсіп те теміржолшы. Осы тұрғыдан алғанда біздің музей теміржол бойындағы ең көне ғимаратта орналасуының өзінде ерекше бір заңдылық бар сияқты», – дейді музей басшысы.    

Анықтама:

Арыс қаласының музейі  орналасқан  ғимараттың іргетасы 1900 жылы  қаланған. 2001 жылы  қазан айының 6 жұлдызында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың   №191 қаулысымен  Арыс қаласының мұражайы болып құрылды.  

«Арыс қаласының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында қазіргі таңда, штат саны 10 адамды құрайды.  Шығармашылық қызметкерлер саны 5 адам. Мекеменің материалдық-техникалық базасының жай-күйі орташа.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды