CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
CRRC компаниясы Берлинде өтіп жатқан InnoTrans 2026 халықаралық көрмесінде SmartMetro пойызы баламасының екі вагоннан тұратын секциясын таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
SmartMetro жобасының негізгі мақсаты – пойыздың энергия тиімділігін арттыру. Осы мақсатта вагон шанағын барынша жеңілдетуге басымдық берілген. Құрылымында көміртекті талшық, магний және алюминий қорытпасы секілді жеңіл материалдар қолданылған. Сонымен қатар пойыздың дыбыс оқшаулау жүйесі жетілдірілген.

Пойызға орнатылған көпарналы датчиктер теміржол жолының жағдайын үздіксіз бақылауға және ықтимал ақауларды нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді.
SmartMetro прототипі Қытайдың Чанчунь қаласында әзірленген. Қазіргі уақытта онда сынақтан өткізіліп жатыр.
CRRC компаниясының Railway Gazette International басылымына берген мәліметінше, SmartMetro тек Қытай қалаларына арналмаған. Жоба халықаралық нарыққа шығаруға бейімделіп әзірленген.