Тарихи жәдігерлер сыр шертеді

Темір жол тарихы
08.05.2024, 11:21
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Осыдан 5 жыл бұрын Жамбыл ЖТ бөлімшесінде мұражай ашылғанда оның Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған бөлімін негізінен Жамбыл локомотив пайдалану депосындағы музейдің жәдігерлері құраған.

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» демекші, қанды қырғын жылдардан естелік шерткен белгілер қазір музейдің төрттен бір бөлігін алып тұр. Мұндағы ең құнды жәдігерлердің біразын даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың қызы Валентина Панфилова әкеліп тапсырған.  

Медициналық қызмет дивизиясының лейтенанты Валентина Ивановна И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия құрамында соғысқа қатысқан. 1944 жылы басынан жарақат алып, Рига түбінде демобилизацияланған майдангердің алған наградалары осы бұрышта сақтаулы. Ал Жамбыл локомотив депосындағы музейде даңқты қолбасшы И.В.Панфиловтың суреттері мен құжаттары бар.  

Музей меңгерушісі Венера Букенованың айтуынша,тағы бір құнды жәдігер – ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив депосының машинисі Валентин Филлипович Захаровтың майдан даласында кезекті бір шабуыл кезінде жау танкісінен жұлып алған айнасы. Бұл жәдігерге мұқият қараған адам айнаның бір шетіне «Вермахт» белгісі сызылып салынғанын көре алады.  

Валентин Филиппович ҰОС-да бронетранспортер, танкке қарсы қолданылатын қарулар ротасының командирі болған. Кейін елге келіп, еңбек майданына оралғанда да бұл айнаны жүк қоржынынан тастамай алып жүріпті. Ал локомотив депосында музей ашылғанда арнайы әкеліп тапсырған.  

– Жалпы Жамбыл локомотив депосындағы музей – теміржолдағы ең көне мұражайдың бірі. Ғасырлық тарихы бар депоның музейіне биыл 51 жыл толып отыр, – дейді Венера Букенова.  

Деподағы музейдің де үлкен бөлімі Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған. Бұлай болуы да заңдылық. Себебі соғыс жылдарында деподан 200-ден астам машинист майданға аттанған. Олардың ішінде елге аман келгендері кейін өздерінің жауынгерлік гимнастеркаларын, сарбаз белдіктерін, майданнан жазған хаттарын музейге өткізген. Жәдігерлер қатарында оқ тескен шлемдер де бар.

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді